"Тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады": Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді

/
"Тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады": Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді
ашық дереккөзден

Актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева жұбайымен шаңырақ көтергеніне екі жыл толғанын атап өтті. Өнер иесі әлеуметтік желіде жолдасымен бірге сол ерекше күндерді еске түсірген видеосын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айгүл Иманбаеваның айтуынша, екі жыл бұрын жолдасы оған АҚШ-та, Тынық мұхитының жағалауында үйленуге ұсыныс жасаған. Ерлі-зайыпты кейін сол жерге қайта барып, романтикалық сәтті тағы бір мәрте еске алған.

"Жаным, мына жер есіңде ме? Осы жерде саған ұсыныс жасаған едім", – деп сұраған актрисаның жолдасы.

Айгүл Иманбаева сол күннің әрбір сәті әлі де есінде екенін айтты. Әнші ұсыныс дәл мұхит жағасында, маяктың маңында жасалғанын еске алды.

"Дәл осы Тынық мұхитының жағасында, дәл осы біз тұрған жерде екі жыл бұрын менің жаным маған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Ана жерде маяк, мына жерде Тынық мұхиты, толқын. Дәл осылай самал жел есіп тұрды. Күн де дәл осылай жарқырап тұрды", – деді ол.

Өнер иесінің сөзінше, ұсыныс 2024 жылдың 2 ақпанында жасалған. Ал 23 ақпанда ерлі-зайыпты Беверли-Хиллс ауданындағы әкімдікте некесін ресми түрде тіркеген.

"8 наурызда Палисейдстегі мешітте неке қидырдық. Уақыт қалай тез өтіп жатыр", – деді Айгүл Иманбаева.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар