258
ТЖД: Алматыда су тасқыны жағдайы күрделі
ТЖД: Алматыда су тасқыны жағдайы күрделі
Алматы ТЖД бастығы Серік Әубәкіров қаланың су тасқынына дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Ол келтірген деректер бойынша, 27 сәуір күні қалада орташа тәуліктік норма бес есеге артты.
«Мұның бәрі өзендегі су деңгейінің көтерілуіне әкеп соқтырды. Біз су тасқынының толассыз жауған нөсер салдарынан орын алғанын байқадық. Орлар пайда болып, қаланың жоғарғы жағын су алды. Түн ортасында қаланың төменгі бөлігі - негізінен Наурызбай, Алатау аудандары су астында қалды», - деді Әубәкіров. Қалалық ТЖД бастығы атап өткендей, аулаларды, үйлерді, кейбір жертөлелерді су басқаны туралы 60 хабарлама келіп түсті. Жеке құрамнан 369 адам, 55 су айдайтын техника жұмылдырылды.
«27 аула мен 11 аумақты су алды. Эвакуация жергілікті, біздегі үйлер саманнан тұрғыылған. Дымқылдана бастағанда, құлайды. Қабырғалары қисайып, опырыла бастайды. Адамдардан ғимаратты босатуын сұраймыз. Алатау ауданындағы Ақбұлақта қираған ғимарат бар. Бұл адамдар туыстарына орналастырылды. Эвакуациялау қажет болмады», - деп хабарлады Әубәкіров. «Менің ойымша, жағдай қиын болып тұр. Бүгінде аумақтық жүйе, қосалқы жүйе табиғи апатты жоюға дайын. Біз жоғары дайындық режиміндеміз, қор да бар. Қаптар дайындалды. Ұлттық гвардияны жұмылдырамыз. Кез келген жағдайға дайынбыз», - деп қорытындылады ТЖД бастығы.