ҰҚК: Шекарада жүктерді заңсыз тасымалдаудың 551 фактісі тіркелді

/
ҰҚК: Шекарада жүктерді заңсыз тасымалдаудың 551 фактісі тіркелді
ҰҚК

ҰҚК Шекара қызметі өткізу пункттерінде құқыққа қайшы әрекеттерді анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

1-10 тамыз аралығында шекара арқылы жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам тауарлар мен жүктерді заңсыз тасымалдаудың 551 фактісінің жолы кесілді.

Атап айтқанда, жанар-жағармай материалдарын заңсыз алып шығудың 411 әрекетіне, сондай-ақ халық тұтынатын тауарларды өткізу тәртібін бұзудың 140 фактісіне жол берілмеді.

Кінәлі адамдар ҚР-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар