Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен кеңесте бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтарын құру тұжырымдамасы таныстырылды. Пилоттық жоба «Даму» қорының өңірлік филиалдарының базасында жүзеге асырылады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Даму» қорының басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеев атап өткендей, бүгінде кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаудың түрлі құралдарына қол жеткізе алады. Сонымен бірге олар бизнесте қиындықтар туындаған кезде көбінесе қайда жүгіну керектігін білмейді. Өйткені бұл мәселені шешу әртүрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құзыретіне кіруі мүмкін. Мәселені анықтаудан бастап, оны реттеуге дейінгі бизнесті кешенді сүйемелдеудің бірыңғай тетігін әзірлеу қажеттілігі туындап отыр.
Кеңесте орталықтарды іске қосу және жұмыс істеу тетігін пысықтау үшін мүдделі мемлекеттік, құқық қорғау органдары, қаржы реттеушілері мен «Даму» қоры өкілдері қатысатын жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.