Тәрбиешісінен туберкулез табылған балабақша тексерілуде

Тәрбиешісінен туберкулез табылған балабақша тексерілуде

Тәрбиешісінен туберкулез табылған балабақша тексерілуде
ашық дереккөзі

Алматы облысындағы балабақша тәрбиешісінде туберкулез ауруының анықталғандығы жағдайын Денсаулық сақтау министрлігі бақылауға алды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мамандары Алматы облысының Іле ауданындағы Жаңа-Қуат ауылында мектепке дейінгі балалар мекемесінде әйелден туберкулез ауруының анықталуы жағдайының тіркелуіне байланысты тексеруді бастады.

Қазіргі уақытта тұрғылықты жері бойынша және балабақшада ауру ошағына эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде.

Жұмыс орны бойынша 368 азаматтың қарым-қатынаста болғаны анықталды, оның ішінде 38-і балабақша қызметкері және 330-ы балалар. Балабақшаның барлық қызметкерлері флюорографиялық тексеруден өтті, ауру анықталған жоқ. Бүгінгі күннен бастап мамандар балаларға Манту сынамасын жасау арқылы (зерттеу нәтижелері 72 сағаттан кейін) тексеруге кірісті. Ағымдағы жылғы 28 сәуірдегі сағат 14:00-гі жағдай бойынша Манту сынамасы 103 балаға жасалды. Ауру ошағында қорытынды дезинфекциялау ұйымдастырылды.

Тұрғылықты жері бойынша тексеруден өтетін қарым-қатынаста болған 7 адам, оның ішінде 3-і бала.

Сондай-ақ, барлық мүдделі қызметтер мен ведомстволарға тиісті шаралар қабылдау үшін хабар берілді.

Ауру ошағында жұмыстар жалғасуда.