Қанжығалы Бөгенбайдың айбалтасы музейге тапсырылды

Қанжығалы Бөгенбайдың айбалтасы музейге тапсырылды

Қанжығалы Бөгенбайдың айбалтасы музейге тапсырылды
ашық дереккөзі
Бүгін Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының Орталық кеңсесінде Тәуелсіз Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай қазақтың хас батыры Қанжығалы Бөгенбайдың ұрпақтары тарихи тұлғаның айбалтасы мен кісе белбеуін ҚР Әскери - тарихи музейінің көрмесіне табыс ету рәсімі болып өтті, деп хабарлайды аталған партияның баспасөз қызметі. Бөгенбай батырға тиесілі құнды жәдігерді батырдың ұрпақтары ғасырдан ғасырға аман-есен жеткізіп, сақтап келген. Бұл айбалта - Бөгенбайдай батырдың қалмаққа қарсы көтерген бес қаруының бірі болған. Енді бұл тарихи жәдігерді көпшілік музей көрмесінен көре алады. Рәсімге музей басшылығы және партия ұжымы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты шара барысында «Ақ жол» жетекшісі Азат Перуашев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласындағы ұлтжандылық қағидасының негізгі мәні - елдің тарихын білуден басталатын түсіндіре отырып, бұл жәдігердің бүгінгі қоғамнан алар тарихи құндылығы мен өзектілігін, баға жетпес, ұлттық асыл мұра екенін айтып өтті. Музей басшысы Перизат Өтепова батырдың бұл жәдігерінің музей көрмесінде тұруы үлкен бедел екендігін түсіндіріп, ұрпақтарына алғыс айтты.