Қыз ұзатқан Төреғали Төреәлінің қарындасы көпшіліктің сынына қалды (ВИДЕО)

/
Қыз ұзатқан Төреғали Төреәлінің қарындасы көпшіліктің сынына қалды (ВИДЕО)
жеке парақшасынан

Қыз ұзатқан танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі көптің сынына қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Динара – Қызылордадағы салонымды ашар кезде Алладан дұға етіп, сұрағанда маған жіберген шын жанашыр адамы.

Жыл сайын бала босанып жатқанымда жандарында жоқтығымды білдірмей, пысықтығымен, адалдығымен, жанашырлығымен, үлкен жауапкершілігімен жұмысты жүргізіп отырған жан.

Сәуір айында тұрмыс құратынын естіп, бір жағынан қуансам, екінші жағынан қимастық сезімім басымырақ болды.

«Жасыңыз кіші болса да, жолыңыз үлкен. Тұрмысқа шығып, қатарынан бала босанғаныңыз маған да жұғысты болса. Егер, әрине, мүмкіндік болса, келіп ұзатып берсеңіз, өте қуанамын» деген шын жүрегінен шыққан бір ауыз сөзін жерге тастай алмадым.

Мұндай ұсынысты қабылдау мен үшін де үлкен мәртебе. Өмірімдегі ең ерекше күн», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары осы тұста түрлі пікір білдірді. Көпшілікке жүргізушінің Дина Төреәліні «Қазақ мәдениетіне сүбелі үлес қосқан» деп таныстырғаны ұнамаған.

«Ойбай, басқасы жөн, бірақ қазақ мәдениетіне қандай сүбелі үлес қосып жүр? Соны атап айтса, біліп жүрейік, ағайын», «Қазақ мәдениетіне сүбелі үлесін қосып жүрген адам дей ме?!» — деді желі қолданушылары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар