ЭКСПО билеттері күштеп сатылды ма?

ЭКСПО билеттері күштеп сатылды ма?

ЭКСПО билеттері күштеп сатылды ма?
ашық дереккөзі
«Астана ЭКСПО - 2017» ұлттық компаниясы қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куяновтың айтуынша, бүгінде арнайы нөмірге арыз-шағымдар көптеп түсіп жатыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат. «Иә, билеттерді күштеп сатуға қатысты арыздар бар. Билет сатылымы басталғалы бері республиканың түкпір-түкпірінен осы мәселеге қатысты 300-ге жуық шағым түсті. Шынымен де, ондай арыздардың басым бөлігі расталады. Ондай «маркетингті» жергілікті әкімдіктер жүргізіп отыр. Біз бірден араласып, ондай жағдайларды шешуге тырысамыз. Күшіміз жетпей жатса, құзіретті органдарға тапсырамыз», - деді Куянов бүгін Астанада өткен арнайы баспасөз мәслиxатында. Оның айтуынша, көрме билеттерін күштеп сатуға байланысты арыз-шағымдар көп болса да, сол билетті сатып алмағаны үшін біреуді жұмыстан шығарғаны жайында әлі бірде-бір ақпарат түскен жоқ. Айта кетейік, бүгінде ЭКСПО билеттерін күштеп сатуға қатысты барлық ақпаратты 87023326521 нөміріне WhatsApp арқылы жазуға болады. Бұдан бөлек, hotline@expo2017astana.com электронды поштасына арыз түсіруге болады.