Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне қиянат жасаған құрбысы жайлы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«25 жыл бойы бір құрбыммен өте жақын болдым. Басқа бірде-бір адаммен дәл сол құрбыммен араласқандай жақын араласпағам. Өте қатты жақсы көрдім. Қай жерге бармасын оны алға шығарып, өзімді ысырып қойып, қай ортада болмасын сол қызды таныстырып, өзіне «мықтысың, генийсің» дейтінмін. Және де сол құрбымнан 7 жыл бұрын бірінші рет сигнал алдым. Үлкен алаяқтық болды. Сол кезде шыдамай бетіне айттым. Ол кезде аяғыма жығылып тұрып кешірім сұрады. «Кешірші мені, мен саған иттік жасадым, маған қатты ақша керек болды. Кешіре алсаң осы иттігімді кешірші» деді. Менде жұмыс істеп жүрген директор қыздың да кетуіне үлкен ықпал еткен. Міне, бір жыл екі ай болды ол құрбым менің өмірімнен жоқ болып кетті. 25 жыл бойы күн-түн араласып жүріп, қалай бір сәтте жоқ болып кетесіз? Өйткені ол құрбым менің мінезімді біледі. Мен бетіне айтпай, күліп жүре алмаймын. Мен бетін тіліп тұрып «Неге бұлай?» деп айтатынымды біледі. Сол нәрседен де қорқуы мүмкін. Өзінің кінәсін, күнәсін білгендіктен де алыс жүрген шығар. Достықта пасықтық, иттік жасайтындар адамның білімділігіне, ортада сыйы барлығына қарамайды екен. Ол жүрегің ақ па, қара ма, жүрегің таза ма, лас па, соған ғана қарайды», - дейді ол.