Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы автожолда жол жұмысшысы қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Трагедия Тарғын ауылының маңында, жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде болды. Куәгерлердің айтуынша, қаза болған адам жол техникасының жүргізушісі. Полиция ер адамның қайтыс болғанын растады.
«Осы факті бойынша полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша, яғни тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.