Ақмола облысында бір тәулікте 100 гектарға жуық жер өртенді

/
Ақмола облысында бір тәулікте 100 гектарға жуық жер өртенді
ТЖД

Ақмола облысында өткен тәулікте құрғақ шөп өртенген бірнеше жағдай тіркелді. Өрт ошақтарының барлығы толық сөндіріліп, елді мекендерге қауіп төнген жоқ.

Барлық өрт ошағы сөндірілді. Елді мекендерге қауіп төнуіне жол берілген жоқ. Өрт шарпыған жалпы аумақ 98 гектардан асты, – деп мәлімдеді облыстық ТЖД.

Ведомствоның алдын ала мәліметінше, өрттің шығуына тұрғындардың отпен абайсыз әрекет етуі себеп болған.

Ақмола облысының ТЖД өңір тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары