Доллар, еуро, рубль: бүгінгі валюта бағамы белгілі болды

/
Доллар, еуро, рубль: бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
istockphoto

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және басқа да шетел валюталарының бағамы белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Kurs.kz мәліметінше, бүгін, 9 тамызда елордадағы айырбастау пункттерінде доллардың сатып алу бағасы 465,94 теңге, ал сату бағасы 472,78 теңге болып тұр.

Еуро 533,87 теңгеден сатып алынып, 537,07 теңгеден сатылуда. Ресей рублінің бағамы 5,45-5,65 теңге аралығында болса, юань 68,80-72,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал Алматыда доллар 468,68 теңгеден сатып алынып, 470,97 теңгеден сатылуда.

Қаладағы айырбастау орындарында еуроның сатып алу бағасы 538,43 теңге, сату бағасы 543,96 теңге. Рубль 5,45-5,60 теңге аралығында, ал юань 68,88-71,48 теңге шамасында айырбасталып жатыр.

Айта кетейік, айырбастау пункттеріндегі бағамдар орналасқан жеріне және нақты айырбастау орнына қарай өзгеруі мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары