Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында Полиция департаментінің басшылығымен және жеке құрамымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кездесу барысында заңдылық пен қызметтік тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, полиция имиджін көтеру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, басшылардың қарамағындағы жеке құрамның қызметтік тәртібі мен жұмыс нәтижелеріне дербес жауапкершілігін арттыру, қызметті ұйымдастыру сапасын жетілдіруді атап өтілді.
Министрдің орынбасары «Заң және тәртіп» қағидатын күнделікті қызметте басшылыққа алып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, халықпен қарым-қатынаста кәсібилік пен әдептілікті сақтау қажеттігін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша Департамент басшылығына қала аумағында қоғамдық қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.