«Әділет» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың өзекті мәселелері қаралды

«Әділет» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың өзекті мәселелері қаралды

«Әділет» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Құрылтай депутаты Айжан Аймағанованың азаматтарды жеке қабылдауы өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қабылдауға еліміздің түрлі өңірінен келген азаматтар қатысып, өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салды.

Азаматтардың өтініштері негізінен тұрғын үй алу, жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне қатысты шағымдар, сот шешімдерімен келіспеу, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық сипаттағы басқа да мәселелерге қатысты болды.

Қабылдау барысында әрбір өтініш жеке қаралып, азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірулер берілді. Бірқатар мәселелер бойынша оларды шешудің ықтимал жолдары талқыланып, қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға жолдау мәселесі қарастырылды.

Баспана дауына қатысты сот актісімен келіспейтін Астана қаласының тұрғыны Алмажан Қабыл сот орындаушының әрекетіне шағымданып, «Әділет» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгінді.

«Мен бүгін Айжан Талғатқызының қабылдауында болдым. Баспана дауына қатысты шығарылған сот актісімен келіспейтінімді және сот орындаушының іс-әрекетіне байланысты шағымымды жеткіздім.

Мені мұқият тыңдап, мәселені өз бақылауына алатынын айтты. Сонымен қатар, байланыс нөмірін беріп, 25 қыркүйекте қайта келуімді сұрады», – дейді ол.

Төрт жылдан бері кәсібіне қатысты даудың шешімін күткен Алматы тұрғыны, І топ мүгедегі Малика Ташпулатова «Әділет» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгінді. Оның айтуынша, тамақтандыру саласындағы кәсібін бейтаныс адамдар тартып алған. Осы жағдайға байланысты бірнеше рет қылмыстық іс қозғалғанымен, кейін тоқтатылған.

«Мен өз мәселемді Айжан Талғатқызына айттым. Төрт жылдан бері кәсібіме қатысты мәселе шешімін таппай келеді. Тамақтандыру саласындағы кәсібімді бейтаныс адамдар тартып алған. Осыған байланысты бірнеше рет қылмыстық іс қозғалғанымен, кейін тоқтатылды. Бүгінгі Айжан Талғатқызын өткізген қабылдауда мәселем назарға алынды. Менің өтінішім бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі деп сенемін. Бүгін мен ғана емес, өз мәселесімен келген басқа да тұрғындардың өтініштері тыңдалды. Біз өз мәселелеріміздің шешімін табатынына және «Әділет» партиясының қолдауына сенеміз», – дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары