Қазақстан Халық партиясының Жамбыл облыстық сайлауалды штабы «Таразэнергоорталық» АҚ-ның еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайы, еңбекақы, еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерді жетілдіруге қатысты мәселелер талқыланды.
Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Қазақстан Халық партиясының штаб өкілдері көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар еңбек саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.