ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитетінің төрағасы болып Қанат Ерубаев тағайындалды. Тиісті бұйрыққа Өнеркәсіп және құрылыс министрі қол қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қанат Ерубаев 1986 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Ол Томск политехникалық университетін және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2012–2017 жылдары – жекеменшік секторда геолог, бас геолог, атқарушы директор қызметтерін атқарды.
2017–2020 жылдары – Астана қаласындағы «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» ЖШС-де инженер, бас менеджер болды.
2020–2024 жылдары – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің салалық басқармаларын басқарды.
2024 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.