66 жыл бұрын жанұясынан ажыраған ер адам шетелден 50-ге жуық туысын тапты

/
66 жыл бұрын жанұясынан ажыраған ер адам шетелден 50-ге жуық туысын тапты
Фото: MyHeritage

АҚШ тұрғыны Карло Арко ондаған жыл бойы армандаған мақсатына жетіп, Италиядағы туған-туыстарын тапты. Ол ДНҚ тестінің көмегімен бір әкеден туған інісімен және 50-ге жуық жақынымен байланыс орнатқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Карло Арко 1952 жылы Италияның Турин қаласында дүниеге келген. Туған отбасы одан бас тартқаннан кейін ол біраз уақыт діни мекемеде тәрбиеленіп, кейін америкалық отбасыға асырап алуға берілген.

66 жасында Карло инсульт алған. Денсаулығы нашарлаған соң ол жұбайына өзінің биологиялық туыстарын тауып, олармен кездесуді көптен бері армандайтынын айтқан. Осыдан кейін әйелі оған ДНҚ тестін тапсыруды ұсынған.

Зерттеу нәтижесінде Карло Сицилия аралында тұратын, өзімен бір әкеден туған інісі Анджело Юппаны тапты. Анджело бастапқыда бұл ақпаратқа күмәнмен қараған. Алайда Карлоны бейнебайланыс арқылы көрген кезде оның әкесіне қатты ұқсайтынын байқап, ағасы екеніне көзі жеткен.

Кейін Карло Италиядан 50-ге жуық туысын анықтаған. Анджело арнайы АҚШ-қа барып, ағасымен жүздескен.

Алайда Карло туған елі Италияға барып, барлық туысымен кездесіп үлгермеді. Ол 71 жасында өмірден өтті.

Карло қайтыс болғаннан кейін оның жұбайы мен қызы Сицилияға барып, жаңадан табылған туыстарымен кездесті. Сондай-ақ олар Карлоның дүниеге келген жерлерін аралаған.

Қазір АҚШ пен Италиядағы екі отбасы интернет арқылы тұрақты байланыс орнатып, алдағы уақытта тағы да кездесуді жоспарлап отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар