Танымал блогер Гусейн Гасанов төрт жылға сотталды

/
Танымал блогер Гусейн Гасанов төрт жылға сотталды
Фото: instagram.com/gusein.gasanov

Мәскеудің Пресненский аудандық соты блогер Гусейн Гасановты 68 миллион рубльден астам қаржыны, яғни шамамен 413 миллион теңгені заңдастырды деген іс бойынша сырттай төрт жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот Гасановты қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру ісі бойынша кінәлі деп танып, жалпы режимдегі түзеу колониясында төрт жыл жазасын өтеуге үкім шығарды.

"Гусейн Гасанов Ресей Қылмыстық кодексінің 174.1-бабы 4-бөлігінің "б" тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жалпы режимдегі колонияда төрт жылға бас бостандығынан айырылсын", – деп үкімді жариялады судья.

Бұған дейін сот жарыссөзі барысында айыптаушы тарап блогерді алты жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда сот оған төрт жыл түрме жазасын тағайындады.

Тергеу мәліметінше, Гусейн Гасанов жеке кәсіпкер ретінде 170 миллион рубльден астам, яғни шамамен 1,03 миллиард теңге көлемінде салық төлемеген.

Кейін блогер қаржылық операциялар жүргізу және "Москва-Сити" кешеніндегі апартаментті сатып алу-сату шартын жасау арқылы жалпы сомасы 68 миллион рубльден асатын қаражатты заңдастырған деген күдікке ілінген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары