«Ауыл» партиясының өкілдері Жетісу облысында Құрылтай депутаттығына кандидат Бәзілов Асхат Мәуленұлының қатысуымен Ақсу аудандық орталық ауруханасының еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кездесу барысында «Ауыл» партиясының Құрылтай депутаттығына кандидаты Асхат Бәзілов сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, денсаулық сақтау саласын дамыту, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту және өңірдің өзекті мәселелеріне қатысты бастамалар жөнінде ақпарат берді.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Еңбек ұжымы өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. «Ауыл» партиясының өкілдері көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме беріп, қатысушылардың ұсыныстарының назарға алынатынын атап өтті.
Кездесу барысында «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған басым бағыттар бойынша пікір алмасу өтті.