, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бүгін облыстық сайлауалды штаб мүшелері Өскемен қаласында, сондай-ақ Самар, Алтай, Марқакөл, Шемонаиха, Глубокое және Ұлан аудандарында жергілікті халықпен жүздесті. Алдағы уақытта мұндай кездесулер облыстың басқа да елді мекендерінде жалғасын таппақ.
Көшпелі қабылдаулар тұрғындармен өз ортасында ашық пікір алмасуға мүмкіндік береді. Кездесулер барысында инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, елді мекендерді абаттандыру және халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мәселелері талқыланды.
Ерекше форматтағы қабылдаулардың бірі паромда ұйымдастырылды. Штаб өкілдері өзеннен өту кезінде тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, көтерілген мәселелерді назарға алды.
Кездесулер барысында партия мүшелері «Әділеттің» 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ұсыныстарды талқылады.
Тұрғындар тарапынан жол сапасын жақсарту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамыту, медицина мен білім беру қызметтерінің қолжетімділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, қоғамдық көлік жұмысын жетілдіру және әлеуметтік қолдау шараларын күшейту мәселелері көтерілді.
«Біз үшін әрбір тұрғынның пікірі маңызды. Себебі өңірдегі түйткілді мәселелерді ең алдымен сол жерде тұратын халық жақсы біледі. Сондықтан әрбір ұсыныс назардан тыс қалмайды», – деді «Әділет» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жанат Мекеева.
Партия өкілдерінің айтуынша, көшпелі қоғамдық қабылдаулар алдағы уақытта да жалғасады. Бұл өз кезегінде халықпен ашық диалог орнатуға және өңірдің дамуына қатысты ұсыныстарды ескеруге ықпал етеді.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров