Бүгін Respublica партиясының кандидаттары Алматы облысы Нарынқол ауылында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кездесуге 55-60-қа жуық тұрғын қатысып, Respublica партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен танысты. Кездесу барысында өңірді дамыту, ауылдық инфрақұрылымды жетілдіру, әлеуметтік мәселелер және тұрғындарды толғандырған өзге де өзекті тақырыптар талқыланды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Тұрғындар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Respublica партиясының өкілдері қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, көтерілген мәселелер мен ұсыныстардың назарға алынатынын атап өтті.