Шығыс Қазақстанда қабанды заңсыз атқан азамат ұсталды

/
Шығыс Қазақстанда қабанды заңсыз атқан азамат ұсталды
polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында заңсыз аң аулау фактісі анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Омбы – Майқапшағай автожолында жүргізілген рейд барысында полиция қызметкерлері Audi автокөлігін тоқтатқан. Көлікті тексеру кезінде Сайга-410 және Hatsan тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтары, оқ-дәрілер, сондай-ақ жүксалғыштан атылған жабайы қабан табылды.

Тексеру барысында 37 жастағы жергілікті тұрғынның екі танысымен бірге Зайсан ауданындағы аңшылық алқаптардың біріне барғаны анықталды. Оның жабайы аңдардың ішінен тек қасқыр атуға рұқсаты болған.

Алайда аң аулау кезінде ер адам жабайы қабанды кездестіріп, өз атына тіркелген аңшылық қарудан оқ атқан. Кейін атылған қабанды көлігіне салып алған.

Тергеу әрекеттері барысында аңшылық қару, оқ-дәрілер, аңшылық билеті, рұқсат құжаттары, жолдама және іс үшін маңызы бар өзге де заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Полиция аң аулау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар мен берілген рұқсат шарттары қатаң сақталған жағдайда ғана жүзеге асырылатынын ескертеді. Жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз аулау немесе алу заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар