Никол Пашинян Арменияның премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.
Армения президенті Ваагн Хачатурян тиісті жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, шешім ел Конституциясының 149-бабының 1-бөлігі негізінде қабылданған.
Пашинянның қайта тағайындалуы 7 маусымда өткен парламент сайлауынан кейін жасақталған жаңа Ұлттық жиналыстың алғашқы отырысынан кейін жүзеге асты. Армения заңнамасына сәйкес, жаңа шақырылымдағы парламент алғашқы сессиясын өткізген күні үкімет өз өкілеттігін тоқтатады. Осыдан кейін президент премьер-министрді қайта тағайындау туралы шешім қабылдайды.