«Қайғымыз күн сайын артып барады»: Ұлдана Мырзуанның әпкесі жан сырын ақтарды

/
«Қайғымыз күн сайын артып барады»: Ұлдана Мырзуанның әпкесі жан сырын ақтарды
Әлеуметтік желіден

Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде басына кондиционер құлап, көз жұмған фельдшер Ұлдана Мырзуанның әпкесі Сымбат Мырзуан әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол жазбасында марқұмның күйеуінің екінші рет шаңырақ көтергенін растады. Сонымен қатар, сіңілісін сағынып, жүрек тебірентерлік сөздер арнады.

«Жаным Ұлдантайым, жаның жәннаттың төрінен болсын. Бәрін Алла реттеуші, бәрін естуші. Сенің жұмақтың бау-бақшасында жүргеніңе сенеміз. Қайғымыз күн өткен сайын үдеп барады. Жүрегіміз тілім-тілім болғандай. Алла мұндай ауыр сынақты ешкімнің басына бермесін», – деп жазды Сымбат Мырзуан.

Сары шөжем, сіңлім… 

Сені қинады-ау, тыныштық бермеді-ау… Жаныңның қанша ауырғанын жүрегім сезеді.

Бірақ Алла Тағала кімнің кім екенін көрсетті. Аллаға шүкір! Менің үнсіз қалғаным — бәріне көнді, әке-шешемді таптатқым келгені емес. Мен үнсіздікті әлсіздіктен емес, сабырдан таңдадым.

Ең бастысы — әке-шешемнің көзін ашу, халықтың көзін ашу, шындықтың бетін көрсету еді. Менің бар тілегім — адалдық пен әділдікке жету.

Айтарым көп… Өте көп. Бірақ кейбір сөзді уақыттың өзі айтып береді. Кейбір шындықты түсіндірудің қажеті жоқ — оны Алланың өзі көрсетеді.

Аллаға шүкір, бүгін көп нәрсенің беті ашылды. Ең бастысы, ешкімнің алдында емес, Алланың алдында жүрегім тыныш", - деп жазды ол. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары