Respublica партиясының Жетісу облыстық сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмыстары аясында «Алакөл» орман шаруашылығының еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кездесу барысында Respublica партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, орман шаруашылығы саласын дамыту, табиғатты қорғау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өңірдің тұрақты дамуы мәселелері талқыланды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Ұжым қызметкерлері өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, партия өкілдері қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
Respublica партиясының өкілдері халықпен тікелей байланысты нығайту және азаматтардың ұсыныс-пікірлерін назарға алып, оларды іске асыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілетінін атап өтті.