Respublica партиясы БҚО-да «Алани» кондитерлік цехының ұжымымен пікір алмасты

/
Respublica партиясы БҚО-да «Алани» кондитерлік цехының ұжымымен пікір алмасты
Respublica партиясы

Respublica партиясының үгіт-насихат тобы Батыс Қазақстан облысындағы «Алани» кондитерлік цехына дәл осындай ерекше атмосферада табан тіреді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кәсіпорында партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Дулат Мақатов, Құрылтай депутаттығына кандидат Артур Идрисов және Respublica белсенділері болды. Қонақтарды кәсіпорын басшысы, партия мүшесі әрі кәсіпкер Мейрамбек Қойшыбаев қарсы алды.

Кездесу барысында партия өкілдері өндіріс жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен еркін пікір алмасты. 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Алани» бүгінде өңірдегі танымал кондитерлік өндіріс орындарының біріне айналған. Заманауи автоматтандырылған жабдықтардың арқасында кәсіпорын тәулігіне екі тоннаға дейін түрлі печенье өндіре алады. Бүгінде «Алани» өнімдері Батыс Қазақстан облысындағы ірі сауда желілері мен супермаркеттердің сөрелерінен тұрақты орын алған.

Кездесудің басты бөлігі еңбек ұжымымен өткен ашық әңгіме болды. Respublica өкілдері партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтарды таныстырып, еңбек адамын қолдау, отандық өндірісті дамыту және шағын және орта бизнестің өркендеуіне жағдай жасау мәселелеріне ерекше тоқталды.

«Қуатты экономика – еңбек адамынан басталады. Сіздер күн сайын мыңдаған қазақстандықтың дастарханына сапалы өнім ұсынып келесіздер. Еңбекке деген құрмет сөз жүзінде ғана емес, нақты мемлекеттік шешімдермен дәлелденуі керек деп есептейміз. Сондықтан еңбек адамын қолдау мен отандық өндірушіні қорғау – партиямыздың басты ұстанымдарының бірі», – деді Respublica өкілдері.

Кездесу барысында 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы да сөз болды. Партия өкілдері ұжым мүшелерін сайлауға белсенді қатысуға және сайлау бюллетеніндегі №7 болып тіркелген Respublica партиясына қолдау көрсетуге шақырды.

«Біз еңбек адамының қоғамда лайықты бағаланып, өз кәсібіне деген құрметті сезініп, ертеңіне сеніммен қарағанын қалаймыз. Біз сайлауға дәл осы мақсатпен қатысып отырмыз. Ұсынған бастамаларымыз өндірісті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ел экономикасын нығайтуға бағытталған», – деді партия өкілдері.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Әңгіме барысында отандық кәсіпкерлікті қолдау, еңбек адамының мәртебесін көтеру және өндірісті дамытуға бағытталған бастамалар кеңінен талқыланды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар