Алматыда Қазақстан Халық партиясының өкілдері дәрігерлермен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кездесу барысында отандық денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, дәрігерлерге түсетін жүктемені оңтайландыру, медицина қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру, сондай-ақ салаға заманауи медициналық технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жиын қатысушылары медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту мен денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар бойынша пікір алмасты.
Іс-шара соңында медицина саласының өкілдері Қазақстан халық партиясының сайлауалды бағдарламасына қолдау білдіріп, алдағы сайлауда сәттілік тіледі. Қазақстан Халық партиясының өкілдері көрсетілген сенім үшін алғыс айтып, көтерілген мәселелерді іске асыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілетінін атап өтті.