Бүгін Түркістан облысы Созақ ауданының Шолаққорған ауылында «Ауыл» партиясының өкілдері Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кездесуге «Ауыл» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ермаханов Мейрамбек Нысанбекұлы, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидат Сүйін Бейімбет Жұмабекұлы, «Ауыл» партиясының Созақ аудандық аумақтық ұйымының төрағасы Бабиев Амангелді Әбиболлаұлы, аумақтық ұйым төрағасының орынбасары Б. Сабеков және партияның белсенді мүшесі Қ. Раманқұлов қатысты.
Жиын барысында «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, ауылдық аумақтарды дамыту, әлеуметтік мәселелерді шешу, білім беру саласын қолдау және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мәселелері талқыланды.
Қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді.