Қазақстан Халық партиясы Жезқазғандағы өндіріс ұжымына сайлауалды бағдарламасын таныстырды

/
Қазақстан Халық партиясы Жезқазғандағы өндіріс ұжымына сайлауалды бағдарламасын таныстырды
Қазақстан Халық партиясы

Қазақстан Халық партиясының өкілдері «Қазақмыс» корпорациясының «Жезқазғанцветмет» өндірістік бірлестігінің еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өңірдің дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар туралы айтылды.

Сондай-ақ еңбек ұжымының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өндіріс саласы мен өңірдің өзекті мәселелері жөнінде ашық пікір алмасу өтті.

Кездесу соңында партия өкілдері еңбек ұжымына белсенділігі мен ашық диалогқа қатысқаны үшін алғыс білдіріп, ел игілігі жолында бірлесіп жұмыс істеудің маңызын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар