Қазақстан Халық партиясы БҚО-дағы балалар ауруханасының ұжымымен кездесті

/
Қазақстан Халық партиясы БҚО-дағы балалар ауруханасының ұжымымен кездесті
Қазақстан Халық партиясы

Бүгін Қазақстан Халық партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының сайлауалды штабының өкілдері облыстық көпбейінді балалар ауруханасының еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында штаб өкілдері денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бағытталған партияның негізгі бастамаларымен таныстырды.

«Қазақстан Халық партиясы денсаулық сақтау саласын әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырады. Сапалы медициналық көмексіз өзге әлеуметтік бастамалар мен реформалардың тиімділігі айтарлықтай төмендейді. Күшті денсаулық сақтау жүйесі – ауруларды емдеудің ғана емес, ұлт денсаулығының, халықтың өмір сүру сапасының, тұрақты демографиялық дамудың және елдің жарқын болашағының негізі.

Біз денсаулық сақтау саласын дамытуды мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі деп санаймыз. Тұрғылықты жеріне, жасына немесе табыс деңгейіне қарамастан, әрбір азамат сапалы медициналық көмекке тең қол жеткізуі тиіс. Бұл – әділетті қоғам құрудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың басты шарттарының бірі», – деп атап өтті партия өкілдері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар