«Ауыл» партиясының өкілдері СҚО-да зауыт қызметкерлерімен пікір алмасты

/
«Ауыл» партиясының өкілдері СҚО-да зауыт қызметкерлерімен пікір алмасты
«Ауыл» партиясы

«Ауыл» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық сайлауалды штабының өкілдері Құрылтай депутаттығына кандидат Диляра Темірғалиқызымен бірге еліміздегі ірі электротехникалық холдингтердің бірі – «ALAGEUM» зауытының еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кәсіпорын электр энергетикасы саласына арналған жабдықтарды жобалау, өндіру, монтаждау және оларға сервистік қызмет көрсетумен айналысады.

Кездесу барысында партияның негізгі қызмет бағыттары, сайлауалды бағдарламасы мен басым бастамалары таныстырылды. Сондай-ақ қатысушылар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өңірдің өзекті мәселелері және алдағы сайлаудың маңызы туралы пікір алмасты.

Іс-шара соңында 23 тамызда өтетін сайлауға азаматтардың белсенді қатысуының маңызы түсіндіріліп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар