Қазақстан Халық партиясы БҚО-дағы кәсіпорын ұжымына сайлауалды бағдарламасын таныстырды

/
Қазақстан Халық партиясы БҚО-дағы кәсіпорын ұжымына сайлауалды бағдарламасын таныстырды
Қазақстан Халық партиясы

Бүгін Қазақстан Халық партиясының Батыс Қазақстан облыстық сайлау штабының өкілдері «УГТЭС» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында партия өкілдері өнеркәсіпті дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарын таныстырып, отандық кәсіпорындарды қолдау ел экономикасының тұрақты дамуының маңызды кепілі екенін айтты.

Олар мемлекеттік саясаттың отандық өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдауға, жаңа өндіріс орындарын дамытуға және олардың ішкі әрі сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталуы тиіс екенін жеткізді. Сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдірудің маңызын атап өтіп, мемлекеттік қаражат ең алдымен отандық өндірісті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірлердің экономикалық әлеуетін нығайтуға жұмсалуы қажет екенін айтты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар