Облыс жолдарында полиция қызметкерлері күн сайын жылдамдық режимін бұзған жүргізушілерді анықтап, жауапкершілікке тартады. Тәжірибе көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының көпшілігі қозғалыс жылдамдығын дұрыс таңдамаудың салдарынан орын алады, деп хабарлайды turkystan.kz.
– Жол қозғалысы ережелерін сақтамайтын жүргізуші жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін: жаяу жүргіншіні қағып кетуі немесе басқа көлік құралдарымен соқтығысуы ықтимал, – дейді Павлодар облысы ПД әкімшілік полициясы басқармасының бастығы Бакибай Ахмадьянов.
Мәселен, Павлодар қаласында Toyota автокөлігінің жүргізушісі сары бағдаршам белгісіне өтіп, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін тоқтатылды.
Осыған ұқсас құқық бұзушылықты М. Жүсіп көшесімен келе жатқан KIA автокөлігінің жүргізушісі де жасаған.
Жыл басынан бері Павлодар облысында осындай құқық бұзушылық үшін 83 092 жүргізуші жауапқа тартылды.
Полиция барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін және белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады.
Жол қауіпсіздігі – баршаның ортақ жауапкершілігі. Әрбір жүргізуші мұқияттық, тәртіп және жол қозғалысының басқа қатысушыларына құрмет көрсету арқылы қауіпсіз орта қалыптастыруға өз үлесін қоса алады.
Еске сала кетейік, «Заң мен тәртіп» қағидаты — Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты ретінде жүзеге асырылып жатқан, заңның үстемдігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қағидат.