Қазақстан Халық партиясының Жамбыл облыстық сайлауалды штабының мүшелері Шу ауданында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іс-шара барысында партия өкілдері тұрғындармен кездесіп, Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Сонымен қатар арнайы белгіленген үгіт тақталарына партияның ақпараттық материалдары орналастырылып, тұрғындарға үгіт-насихат парақшалары таратылды.
Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, оларды толғандырған әлеуметтік мәселелер бойынша ашық пікір алмасу өтті. Қазақстан Халық партиясы әрбір азаматтың пікіріне құлақ асып, халықтың мүддесін қорғауға бағытталған нақты бастамаларды жүзеге асыруды басты міндеттердің бірі санайтынын атап өтті.