Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Серік Егізбаев жұмыс сапарын Батыс Қазақстан облысынан бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сапар барысында партия активімен кездесу өтіп, алдағы сайлауалды науқанның негізгі бағыттары мен өңірдегі ұйымдастыру жұмыстары талқыланды.
Кездесу аясында «Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Эльмара Траисоваға, Алшын Жолдығалиға және Жаслан Жақыповқа кандидат куәліктері табысталды.
Партия активі алдағы кезеңде сайлаушылармен тығыз байланыс орнатып, сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын кеңінен түсіндіруге бағытталған жұмысты жалғастырады.