«Ауыл» партиясының өкілдері Қосшыда сайлауалды бағдарламасын таныстырды

/
«Ауыл» партиясының өкілдері Қосшыда сайлауалды бағдарламасын таныстырды
«Ауыл» партиясы

«Ауыл» партиясының өкілдері Қосшы қаласындағы Мәдени-спорттық кешеннің ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында партия төрағасы Қайрат Айтуғанов тұрғындарды Қосшы қаласының 5 жылдық мерейтойымен құттықтап, соңғы жылдары қаланың қарқынды дамып, елорда іргесіндегі заманауи әрі әлеуеті жоғары шаһарға айналғанын атап өтті.

Ол мәдени-спорттық кешеннің тұрғындардың спортпен шұғылдануына, мәдени өмірге белсенді араласуына және балалар мен жастардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін маңызды орталық екенін айтты.

Сондай-ақ жиында «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, ауыл мен қала арасындағы теңгерімді дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, білім, спорт және мәдениет салаларын қолдауға бағытталған бастамалар талқыланды.

Кездесу барысында ұжым өкілдері өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, партия өкілдерімен ашық пікір алмасты. Қайрат Айтуғанов мұндай кездесулер азаматтардың пікірін тыңдап, елдің болашағына қатысты өзекті мәселелерді бірлесіп талқылауға мүмкіндік беретінін айтты.

Кездесу соңында партия төрағасы белсенділік танытқан мәдени-спорттық кешен ұжымына алғысын білдірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар