«Ақ жол» демократиялық партиясының Ақтөбе облыстық филиалы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды turkystan.kz.
Партия өкілдері тұрғындармен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарын таныстырып, ақпараттық-насихаттық материалдар таратты.
Кездесу барысында азаматтармен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, кәсіпкерлікті қолдау, әділ бәсекелестік, өңірлерді дамыту, жастарды қолдау және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамалар талқыланды.
Партия өкілдері әрбір азаматтың пікірі маңызды екенін атап өтіп, қоғамдағы оң өзгерістерге әркім өз үлесін қоса алатынын жеткізді.
Өзгерістер – Ақжолмен бірге!