Атырауда 88,8 млн теңге жымқырған бухгалтерге берілген рақымшылықтың күші жойылды

/
Атырауда 88,8 млн теңге жымқырған бухгалтерге берілген рақымшылықтың күші жойылды
istockphoto.com

Атырау облысында мемлекеттік мекемелердің бірінің бухгалтері ұйым басшысымен бірлесіп, 2023-2024 жылдары 88,8 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, кейін рақымшылық туралы заңды қолдану арқылы жазаны 4 жыл 8 айға дейін қысқартқан.

Бас прокуратура рақымшылықтың заңсыз қолданылғанын анықтады.

Заңға сәйкес аса ірі мөлшерде жасалған жымқыру қылмысы үшін тағайындалған жаза келтірілген залал толық өтелген жағдайда ғана қысқартылуы мүмкін. Алайда сотталған шығынды толық өтемеген. Сонымен қатар одан 36,8 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алу туралы шешім шығарылған.

Соған қарамастан, бірінші сатыдағы сот жазаны үштен біріне қысқартқан, ал апелляциялық саты бұл заңбұзушылықты жоймаған.

Бас прокуратураның наразылығы бойынша кассациялық сот рақымшылықты қолданудың күшін жойып, бастапқы жаза - 7 жыл бас бостандығынан айыруды қайта қалпына келтірді.

Егер заңда көзделген келтірілген залалды толық өтеу талабы орындалмаса, рақымшылық қолданылмайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар