Қостанай облысында полиция қызметкерлері Федоров бағытындағы автожолда патрульдеу кезінде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу дерегін анықтады. Тексеру барысында тіркемесі бар жүк көлігін жүргізуші куәлігінсіз азаматтың басқарғаны белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полицейлер құқық бұзушыны бірден көлік басқарудан шеттетіп, оған қатысты әкімшілік іс қозғады.
Тексеру барысында жүргізуші куәлігі жоқ азаматты рейске жіберген жұмыс беруші де анықталды. Осыған байланысты ол да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция мұндай заң бұзушылықтардың жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертеді. Тіркемесі бар жүк көлігін басқару үшін тиісті жүргізуші куәлігі мен кәсіби дайындықтың болуы міндетті.