Instagram желісінде 600 мыңнан астам оқырманы бар танымал асаба Сабыржан Түзелбаевты тойдағы орынсыз қалжыңдары мен дөрекі сөздері үшін көпшілік сынға алған болатын. Асаба әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, көпшіліктің сынына жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Болар Елдің жігіттері бірін-бірі батыр дейді. Боламайтын елдің жігіттері бірін-бірі қатын дейді. Тойда болатын қызықты әзілдерді бөліп-бөліп таратып, мені халық жауы қылып қойыпсыздар. Қазаққа жау керек емес, негізі. Тойда неше түрлі қызықтар болады. Оны алып, мені жамандап не таптың, бауырым? Мені көре алмай, жамандайтындар болса, дәл солай мені қолдайтындар да бар», - деп жазған ол.