Белгілі кәсіпкер, меценат Тұрсын Алагөзов әлеуметтік желідегі парақшасына отбасылық демалыста түскен суреттерін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ең қызығы, ол суреттерден бұрынғы некесінен туған тұңғыш қызы Әмина мен қазіргі жары Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбектің бірге отырғанын көруге болады.
Кәсіпкердің өзі суретке тек «Бақыт құшағында» деп жазба қалдырған. Мұны көрген желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп жатыр.
«Қыздар, жарайсыңдар! Көз тоятын суреттер екен!», «Тұрсынның қызы өте ақылды, мейірімді. Баянның да қыздары сондай. Олар бірден тіл табысады. Жақсы адамдарда бәрі жақсы», «Мұның бәрі Баянның даналығының арқасында. Ол қаласа бәрі басқаша болар еді. Бірақ ол махаббатты таңдады», «Сана деңгейінде өскен адамдардың өмірі. Бұл көріністің артында қандай еңбек жатыр», «Бәрінің басын қосып отырған Тұрсынның арқасы ғой. Ляйсираның еңбегі. Ляйсира мен балалары үлкен күйзелістен өтті. Ол өте парасатты әйел», - деп жазуда олар.
