Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азамат туған анасын өлтірді деген күдікке ілінді

/
Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азамат туған анасын өлтірді деген күдікке ілінді
Mariia Demchenko/Getty Images

Түркістан облысының Түлкібас ауданында туған анасын өлтірді деген күдікпен шамамен 40 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Отырар" телеарнасының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, қайғылы жағдай аудандағы елді мекендердің бірінде болған. Алдын ала ақпарат бойынша, күдікті анасын өз үйінде пышақтап өлтірген.

Бейресми деректерде ер адамға церебралды сал ауруы диагнозы қойылғаны айтылады. Дегенмен құқық қорғау органдары күдіктінің денсаулық жағдайына қатысты ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.

Қылмысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Түркістан облыстық полиция департаменті оқиға дерегін растады.

Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар