Respublica партиясының сайлауалды штабы Қарағанды облысындағы агрокәсіпорындарды аралады

Respublica партиясының сайлауалды штабы Қарағанды облысындағы агрокәсіпорындарды аралады

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров бастаған делегация, Құрылтай депутаттығына кандидаттар мен партия белсенділері Қарағанды облысындағы «Баймырза Агро 2018» ЖШС және «Нур СХ» ЖШС кәсіпорындарына барды. Делегация өндіріс жұмысымен танысып, еңбек ұжымдарымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, аграрлық сектордағы өзекті мәселелер талқыланды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Қазақстанның өсімдік сұрыптарын қорғау жөніндегі халықаралық UPOV жүйесіне қосылуы мәселесін көтерді. Кәсіпорын құрылтайшысы Ержан Нашаровтың айтуынша, бұл мәселе ұзақ жылдан бері шешімін таппай келеді және оған оң нәтиже беру отандық тұқым шаруашылығын дамытуға серпін береді.

Кездесуде партияның «Шешімдер фабрикасы» жобасының нәтижелері де сөз болды. Осы бастама аясында картоп өндірушілердің ұсыныстары ескеріліп, биржа арқылы міндетті өткізу шегі 60 тоннадан 500 тоннаға дейін ұлғайтылған. Бұл фермерлердің шығынын азайтып, олардың жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік берді.

Respublica өкілдері мұндай кездесулердің сайлауалды науқан барысында еліміздің барлық өңірінде жалғасатынын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары