Елімізде бір тәулікте 3 орман өрті сөндірілді

/
Елімізде бір тәулікте 3 орман өрті сөндірілді

2026 жылғы 23 шілдеде еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 3 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Өңірлер бойынша:

Қарағанды облысы — 1 өрт;

«Ертіс орманы»МОТР — 2 өрт.

Министрлік мәліметінше, өрт ошақтары орман өрттерін ерте анықтау жүйесі және мемлекеттік орман күзетінің жерүсті патрульдеуі барысында дер кезінде анықталып, қызметкерлерге хабар беру арқылы оқшауланып, толық сөндірілді.

Өртті сөндіруге орман шаруашылықтарының қызметкерлері мен тахникалары және «Казавиаорманқорғау» РМКҚ тікұшағы мен әуе десантшылары жұмылдырылды. Орман өрттерінің алдын алу — әр азаматтың ортақ міндеті. Азаматтарды табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз, — делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары