442
Ақкөл суына бөгет шыдас бере ала ма?
Ақкөл суына бөгет шыдас бере ала ма?
Жамбыл облысындағы Ақкөл көліндегі судың деңгейі қауіп тудыратын межеге жетті. Жобалық сыйымдылығы 264 миллион текше метрді құрайтын көл қазір 95 пайызға толды, деп жазады 24.kz.
Мамандар көлден ағызып жатқан судың мөлшерін секундына 140 текше метрге дейін ұлғайтты. Бірақ, су Ақкөл ауылының ішімен өтетіндіктен, бірнеше үйдің ауласына кірген. Қазір жиналған суды ұстап тұрған бөгет нығайтылып, тәулік бойына кезекшілік қойылды. Өзеннің жағалауы топырақ салынған қаптармен бекітілді. Оған 300-ге тарта адам мен 15 инженерлік техника жұмылдырылған. Сонымен қатар Ұлттық ұланнан 100 сарбаз тартылды.
"Жүргізілген мониторинг су деңгейінің қауіп тудыратын межесіне дейін жеткендігін көрсетті. Жалпы қауіп қай кезде де болады. Оны жоқ деп айта алмаймыз. Барлығы ауа райына байланысты. Жауын-шашын көп түскен сайын қауіп те арта түседі. Сондықтан біз тасталып жатқан судың мөлшерін секундына 150 текше метрге дейін көбейтеміз деп жоспарлап отырмыз", - дейді облыстық ТЖД басшысының орынбасары
Ерік Алпысбаев.