Ақмола облысының Бурабай ауданында ауа райы күрт нашарлап, көлге шыққан демалушылар жағаға өздігінен қайта алмай қалған. Құтқарушылар жеті адамды қауіпсіз жерге жеткізді, олардың арасында емізулі сәби де бар, деп turkystan.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға 22 шілдеде болған.
Бурабай көлінің акваториясын патрульдеу кезінде құтқарушылар жағадан шамамен 800 метр қашықтықта резеңке қайықпен жүрген алты адамды байқаған.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты демалушылар жағаға өз күшімен қайта алмаған. Құтқарушылар оларды, соның ішінде емізулі сәбиді де қауіпсіз жағаға жеткізді. Барлығы құтқару кеудешесін киіп жүрген. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.
Дәл сол күні Щучинск қаласындағы Щучье көлінде де ауа райының күрт өзгеруінен бір адам қиын жағдайға тап болған.
Жағадан бір шақырым қашықтықта резеңке қайықпен балық аулап жүрген азамат кері қайта алмай қалған. ТЖМ құтқарушылары ер адамды жағаға жеткізді. Ол да құтқару кеудешесін киген және медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
Төтенше жағдайлар министрлігі су айдынына шығар алдында қайықтың техникалық жағдайын тексеруге, байланыс құралдарын алып жүруге және міндетті түрде құтқару кеудешесін киюге шақырды.