«Мумина ұлымнан 8 жас үлкен»: Жігер Ауыпбаев жас келіншегімен қалай танысқанын айтты

/
«Мумина ұлымнан 8 жас үлкен»: Жігер Ауыпбаев жас келіншегімен қалай танысқанын айтты
Ғаламтор

Жақында ғана екінші рет отау құрған белгілі әнші Жігер Ауыпбаев «Уақыт көрсетеді» ютуб арнасына сұхбат беріп, жас келіншегі Муминамен қалай танысқанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ер-азамат болғаннан кейін бойдағы күшің тасып тұрғанда ұзақ уақыт жалғыз жүруге де болмайды. Ол кезде жалғыздықтан шаршап кеттім. Ер-азаматтың жанында сырласатын, ой қосып отыратын жары болғаны дұрыс. Мейрамханаларға барғанда ақылдасып, сөйлесіп отырған ерлі-зайыптыларджы көріп қызығып кетесің. Үйге келесің, жастық құшақтап жалғыз жатасың. Жан-дүниемді түсінетін, өткен өмірімді қазбалай бермейтін, тарихыңды қабылдайтын бір адам керек. 4 баласы бар, ажырасқан еркекке кім келеді? Сырттан қыздар көп жүгіреді деп ойлайтын шығар. Сөйтіп Муминаны таптым. Муминаны тапқанға дейін қыз іздеп біраз жерді айналып келдім. Қытайға да бардым. Гуанжоуда бір қыз болды. Екі-үш ай әңгімеміз жарасып жүрді. Бірақ ол қыз болмай қалды. Гуанжоуда жүріп Ыстамбұлдағы бір қызбен сөйлестім. Сөздің ашығы, 4-5 қызбен сөйлестім. Бәріне «Қыз-жігіт болып, уақыт өткізіп жүре алмаймын. Маған болашақ жарым болатын адам қажет» дедім. Гуанжоудан Алматыға келіп, бірден Ыстамбұлға ұшып кеттім. Ыстамбұлдағы қызбен оразаның кезінде екі-үш күн бірге ауыз ашып жүрдік. Ол қыз да болмады. Одан Меккеге барып, Құдайдан жар сұрадым. Ол жақта жүріп, Тараздың, Шымкенттің қыздарымен сөйлестім. Меккеден келіп, Таразға, Шымкентке бардым. Екеуі де болмады. Айналып Алматыға келгенде Муминамен таныстым. Туған қарындасым таныстырды. Арамыз 15 жас. Муминаның жасы 23-те. Бір жыл сөйлестік. Мені қатты жақсы көреді, құрметтейді, бағалайды, азамат басымды сыйлайды. Үлкен ұлым 15-те, Муминадан сегіз жас кіші», - дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары