342
Алматының бірқатар нысандары су астында қалды
Алматының бірқатар нысандары су астында қалды
Алматыда таң алдында жауған толассыз жауын кесірінен қаланың 60 жерінде су басу жағдайы тіркелді, деп хабарлайды 24.kz.
Жауыннан соң 11 үйді, 37 аула мен 9 көшені су алған. Атап айтсақ, «Азия» базарындағы 3 нысанды су басып, Алатау ауданында уақытша қолдануға салынған баспана қирап қалды. Сондай-ақ Алмалы ауданындағы «Алматы Оптика» дүкені мен «Ботагөз» балабақшасының аумағы бүлінді. Қазір Алматы қалалық ЖД мен құтқару қызметі суды айдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Р.Иманқұловтың айтуынша, тасқыннан қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ.