Таиландтан ірі көлемде есірткі тасымалдаған жас қыз 16 жылға сотталды

/
Таиландтан ірі көлемде есірткі тасымалдаған жас қыз 16 жылға сотталды
istockphoto.com

Алматыда Таиландтан ірі көлемде есірткі тасымалдамақ болған 22 жастағы Қазақстан азаматшасы 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны аса ірі мөлшердегі есірткі заттарының контрабандасы және заңсыз айналымы үшін кінәлі деп тапты. 

Бойжеткеннің ақшалай сыйақы үшін Қазақстанға жалпы салмағы 8,8 килограмм каннабис сығындысы салынған екі чемоданды жеткізуге келіскені анықталды. Контрабанданың жолы ол Алматы әуежайына ұшып келген бойда бірден кесілді. 

Прокуратура ескертеді: әлеуметтік желілерде таралатын «оңай табыс» пен тегін саяхат туралы ұсыныстар жиі халықаралық есірткі схемаларының бір бөлігі болып табылады. Қылмыстағы рөліне қарамастан, оған қатысу қатаң қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. 

Үкім заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары