21 шілде күні Талдықорған – Текелі тасжолында Toyota Camry жеңіл көлігінің үстіне ағаш құлады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ескелді ауданы әкімдігінің хабарлауынша, ағаш қатты желдің салдарынан жолға құлаған.
Ағаш құлаған кезде көліктің ішінде бес адам болған. Зардап шеккендер Ескелді аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда.
Құлаған ағаш жолдың жүру бөлігінен алынып тасталды. Қазіргі таңда автокөлік қозғалысы қалыпты режимде жүзеге асырылып жатыр, жол қозғалысына ешқандай кедергі жоқ.